Body: 





22.09.2023 г.

«Кітапхана - табыс мекені» атты Кітапхананың ашық есік күніне орай акциясы өткізілді

22 қыркүйек 2022 жылы Астана қаласы әкімдігінің «Жоғары көлік және коммуникация колледжі» ШЖҚ МКК кітапханасында Д-123 тобымен «Кітапхана - табыс мекені» атты акциясы өтті.
Шара мақсаты – 1 курс студенттерін кітапхананы ақпараттық, рухани, тәрбиелік орталық ретінде таныстыру. Кітапхана меңгерушісі Г.Б. Жунусова оқырмандармен кіріспе әңгімесін өткізді. Шара барысында студенттер кітапхана қолдану ережесімен, кітапхананың жұмыс кестесімен, кітап көрмелерімен мерзімді басылымдар, кітапхана қорымен танысты. Студенттер белсенді түрде қатысып кітап қоры, көркем әдебиеттер туралы, электронды кітапхана жайлы сұрақтар қойды.
Балташева С.А.