Body: 





02.03.2023 г.

«Колледж аруы - 2023»!

2023 жылдың 2 наурыз күні көктем мерекесі қарсаңында колледжішілік «Колледж аруы - 2023» байқауы өтті. Байқау әр топтан өнерлі, сымбатты, білімді, талантты қыздар қатысты. Байқауда арулар таныстыру, салт-дәстүрге байланысты сұрақ-жауап, өз өнерлерін және көктемгі сән үлгісі бойынша өнер көрсетті. Қазылар алқасында модель, Қазақ технология және бизнес университетінің 2021 жылғы 1 вице аруы - Манапова Гүлжанат Нұркенқызы, Астана қаласы әкімдігінің «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының маманы Амангелді Олжас Булатбекұлы, «Колледж аруы - 2022» байқауының жеңімпазы, 4ЭН-219 тобының студенті Алданаш Аяжан төрелік етті.
Байқаудың қорытындысы бойынша жақсы өнер көрсетіп, жоғары баллға ие болған арулар төмендегідей номинацияларға ие болды.
-«Сымбатты ару» номинациясымен - Бимуханова Айым
-«Қылықты ару» номинациясымен – Аленова Даяна
-«Инабатты ару» номинациясымен - Бижуманова Айым
-«Өнерлі ару» номинациясымен – Краевская Дарья
-«Көрермен көзайымы» номинациясымен - Мұқан Айдана
-«ІІ – ВИЦЕ АРУ – 2023» - Умирсерикова Жанна
-«І – ВИЦЕ АРУ – 2023» - Аманбай Надирабегім
-Бас жүлде, «КОЛЛЕДЖ АРУЫ-2023» - Бегзат Айжан
Марапатталған аруларға колледж директорының дипломы мен Астана қаласы әкімдігінің «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының Алғыс хаттарымен бағалы сыйлықтары табыс етілді.