Body: 

2019 жылғы 02 қазанында Жоғары көлік және коммуникация колледжінің №1 студенттер үйінде ұстаздар күніне орай «Ұстаз – ұлы тұлға!» атты мерекелік кеш өтті. Мерекелік кештің мақсаты – адамгершіліктің негізін қалаған, баға жетпес өмірлік сабақ берген, ұстаздар қауымына деген құрмет пен ықыласты білдіру.
Кештің барысында өнерлі студенттер ұстаздарға ерекше жыр шумақтарын, құттықтау сөздерін арнап, түрлі жанрда би биледі, әсем әндер айтты. Гүлназ мен Аида студенттер мен оқытушылар арасында қызық ойындар мен жарыстар дайындаған, қатысушыларға керемет көңіл-күй сыйлады.
Сонымен қатар, жатақхана студенттері топтық биімен көрермендерге ерекше көңіл күй сыйлады. Кештің соңында ұстаздардың көңілі көтеріліп, бұл күн ұстаздар қауымына керемет әсер қалдырды. Мерекелік кеш жоғары дәрежеде өтті.

Туралиева А.С