Body: 

2019 жылы 21 маусым күні Колледж алаңында түлектерге диплом табыстау салтанатты жиыны өтті. Бұл түлектер үшін ерекше мереке болды. Музыка әуенімен ортаға топ жетекшілері бастаған түлектер келді. Колледж студенттерінің жұлдызды шеруінің өзінен-ақ, олардың биік мақсатқа өрлеп келе жатқанын сөзсіз жүрекпен ұғып, ерекше қимастықпен қарадық. Мерекелік құттықтау сөзді колледж директорының оқу әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Матвеева Лариса Ивановна «Құрметті колледж түлектерінің ата-аналары! Сіздердің өсірген балаларыңыз бүгін, өздерінің үлкен нәтижелерін көрсетіп, диплом алып отыр.Оның өзі сөзсіз үлкен мақтанышқа лайық. Жас түлек бүгінгі дипломдарыңыз құтты болсын!» - деп ақ тілегін жолдады Сондай – ақ салтанатты мерекеде сөз алған колледжіміздің әлеуметтік серіктестіктерінің атынан «ҚТЖ» АҚ «Жүк тасымалдау» мекемесінен Габдулина Сания Маратовна мен Нұр-Сұлтан қаласы «ҚТЖ» ҰҚ» АҚ Жол дистанциясы бөлімінің басшысы Мурат Ареновтер түлектерге құттықтау сөздерін айтып, мамандықтары бойынша жұмысқа тұрып, сонымен қатар білім мен кәсіби деңгейлерін жоғарылату жолын ары қарай жалғастыратындарына сенім білдірді. "Ата-аналар және түлектер қауымынан құттықтау сөзбен >Амангелді Темірланның анасы Нагоспаева Алтынай Тендікқызы және 4ППС-215 тобының студенті Абдулхамитов Әділ сөйледі. Мерекелік құттықтаудан кейін бітіруші түлектерге салтанатты түрде колледж дипломы мен колледждің қоғамдық жұмысына белсенді ат салысқаны үшін мақтау қағаздары табысталып, фотосуретке түсумен жалғасты.Алаңға тек оқытушылар ғана емес ата-аналар, дос-жарандар, құрбылары жиналды. Әдемі шоқ гүлдері, ризашылықпен қараған жүздері – осының бәрі көңілді толқытып жіберді.
Бүгін колледжімізден 290 түлек бітіріп отыр. Біздің барша қарлығаштарымыздың әлі талай биіктің белестерінен көрінеді деген сенімдеміз, жолдарың болсын – Ақ жол жас түлек!

Директордың ТІЖ орынбасары Мырзагалиева Г.Г.