Body: 

2019 жылғы 1 наурызда колледждің ардагер ұстаздары, қадірлі қонақтарына арнап «Алғыс айту - парызым» атты мерекелік кеш өткізілді.
Осы мерекелік кеште колледж директоры, қалалық мәслихат депутаты, саяси ғылымдардың докторы Зулфухар Сұлтанұлы «Елбасымыздың сарабдал саясаты мен бастамасы бойынша қабылданған «Алғыс айту күні» мерекесі барша ұлттардың бір - біріне алғысын, ризашылығын білдірумен қатар, ұрпақтар сабақтастығына үлкен әсер ететін, үлкен мен кішінің арасына алтын көпір болатын мереке» -деп атап өтті.
Сонымен бірге, 27- ақпанда өткен «Нұр Отан» партиясы съездіндегі Елбасының еліміздің гүлденуі мен халықтың әл-ауқатын арттыру мақсатында қабылдаған біршама жаңалықтарын қуанышпен жеткізді. Кеш қонақтарын бүгінгі мерекемен құттықтай отырып, зор алғысын білдірді.
Колледж ардагері Титенков Леонид Петрович - әрбір мереке сайын ұмыт қалдырмай, қадірлеп, әрқашан құрмет білдіргені үшін Зулфухар Сұлтанұлына және барлық ұжымға зор алғысын білдірді. Студенттерге оқуда табыс тілеп, жоғарғы колледждің жоғары білімді шәкірттері болуды тапсырды.
Келесі сөз кезегінде, ардагер Токбаева Гулжан Ахатовна – Зулфухар Сұлтанұлы бастаған колледж ұжымын «Жоғарғы колледж» болуымен шын жүректен құттықтап, жетістіктерін тілге тиек етіп айтып өтті.
Осы кеште үздік және белсенді студенттерінің ата- аналарына алғыс хаттар табысталды. Сонымен бірге, Сүйеубек Шәріпқалиұлы және Мария Мүрсалимқызына «Қазақавтожол» ЖШС құрмет грамоталарымен, ал Республикалық «ХАКАТОН» байқауының жеңімпаздары «Spark» командасы және жетекшісі С. Муравьева да дипломмен марапатталды.
Кеш соңында өнерлі студенттеріміз ән салып, мерекелік өлеңдерін оқып, көрермендерге керемет көңіл- күй сыйлады.

 

 

Г. Мырзагалиева