Body: 


Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2019 жылды -«Жастар жылы»-деп жариялауына байланысты, Астана қаласының барлық колледждері бойынша  2019 жылғы 23 ақпанда  Астана  қаласы Жоғары көлік және коммуникация колледжінің директоры, саяси ғылымдардың докторы, қалалық мәслихат депутаты З.С. Гаиповтың кубогі үшін арнайы ұйымдастырылған дебат турнирі өткізілді.   

     Дебат турнирінің ашылу рәсімінде колледж директоры Зулфухар Сұлтанұлы  «2019 жыл- Қазақстан жастары  үшін ерекше жыл, өйткені биылғы жыл «Жастар жылы» болып жаряланды. Біздің колледжіміз үшін да табысты жыл, «Жоғары колледж» мәртебесіне ие болды. Алдағы жылы колледжіміздің 75 жылдық мерейтойы өткізіледі»- деп  атап өтті.  Қатысушы үміткерлерге  сәттілік тілей отырып, болашақта еліміздің дамуына зор үлес қосатындарына сенім білдірді.

   Астана қаласы бойынша дебат турниріне «Даналық колледжі», «Политехникалық колледж», «Гуманитарлық колледж», «Басқару колледжі», «Парасат» колледжі, «Медико-техникалық колледж», «Қаржы-экономикалық  колледжі» сияқты беделді колледждер арасынан  18 командадан өтініштер қабылданды.   

     Қазылар-алқасы мүшелері ретінде ЕҰУ-нің «Жеті жарғы» дебат клубы, Политехникалық колледж және Басқару колледждерінің дебат клубының мүшелері сайланды. Турнирді өткізу шарты бойынша  іріктеу кезеңіне келесі тақырыптар ұсынылды:

  • Қазақ жастары әлемдік бәсекелестікке қабілетті;

Ø Болашақ кәсіпкерге ЖОО-ның білімі қажет емес;

Ø Жастардың талантын дамытудың тиімді механизмі;

Ø Қазақ жастарының шетелге еліктегеніне өкінеді. 

Финалдық кезеңге  «Жастар жылы» аясында студенттер үшін ең үздік жоба ұсынылды. Турнирге қазақ лигасы бойынша - Британдық парламенттік форматта 12 команда қатысты:

Ø Гуманитарлық колледжінің  «Great» командасы - 1 орын;

  •  Көлік және коммуникация колледжінің «Болашақ депутаттар»  командасы -2 орын,  «Теміржолшы тарландар» командасы-3 орындарды иеленді. 

Орыс лигасы бойынша американдық форматта- 6 команда қатысты:

  • Көлік және коммуникация колледжінің «Evolition» және «Тальго» командалары  -1-2 орындарды иеленді.
  • Медико-техникалық колледжінің  «МТК-3» командасы -3 орынды иеленді.

     Турнир жеңімпаздарына арнайы кубоктар мен дипломдар табысталды. Үздік командалардың спикерлеріне алғыс хаттар берілді. Барлық қатысушыларға дебатқа белсенді қатысқаны үшін сертификаттар берілді.

   Турнирдің қатысушылары  дебаттың жоғары деңгейде өткізілгенін атап өте отырып, колледж әкімшілігіне және ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.

 

Б.Журкабаев