Body: 

Көлік және коммуникация колледжінде кәмелетке толмағандар арасында қатігездік пен қорлауға құмарлықты болдырмау және алдын-алу мақсатына бағытталған «Сен агрессияны қалай жеңесің» тақырыбында студенттер арасында жаттығу жұмыстары жүргізілді. Студенттерге бейнеролик көрсетіліп, пікірталас жүргізіліп, нәтижесінде эссе жазылды. Бұл іс-шараға колледждің 8 оқу тобының білім алушылары қатысты.
Тренинг барысында төмендегідей сұрақтар қарастырылды:
- Агрессия неліктен пайдасыз?
- Агрессияны сезініп көргендер бар ма?
- Агрессияны жеңу тәсілдеріңіз?
- Агрессияны физикалық тұрғыдан қалай шешуге болады?
Студенттер өз пікірлерін ортаға салып, түрлі әдіс-тәсілдер арқылы агрессияны шешуге болатынын түсіндірді. Эссе жазу барысында студенттер ашу-ызаның адам денсаулығына әсерін, жеңу тәсілдерімен, агрессияның түрлері жайында сөз қозғады.

 

 

Э. Бегалиева