Body: 

Ағымдағы жылдың 21 ақпан күні Көлік және коммуникация колледж студенттеріне Астана қаласы əкімдігінің «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» және Астана қаласы ІІД діни экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелерінің ұйымдастыруымен «Жат діни ағымдардың кері ықпалы» тақырыбында дəріс оқылды. Дəрісті дінтанушы Серикбаева Гульмира Иманашевна және полиция капитаны Джура Евгений Владиславович оқыды.
Дәрістің басты мақсаты: дәстүрлі діндердің құндылықтары мен қасиетін түсіндіру, теріс пиғылды діни ағымдар бойынша діни терроризм мен эктремизмнің алдын алу; жастар санасына және қоғамға ірткі салатын дәстүрлі емес, теріс пиғылдағы,
деструктивтік діни ағымдардан сақтанудың жолдарын студенттер санасына ұғындыру.
Ағартушылық әңгіме барысында мамандар тыңдаушыларды Қазақстан аумағында тыйым салынған діни әдебиет және елдегі тыйым салынған діни ұйымдар туралы хабардар етті. Сот шешімі бойынша ҚР аумағында 21 шетелдік діни ұйымға тыйым салынған, олардың арасында «Әл-Каида», «АСБАТ АЛЬ-АНСАР», «БОЗ ГУРД», «БРАТЬЯ-МУСУЛЬМАНЕ», «Ислам ДЖИХАД тобы», «Шығыс Түркістанның ислам қозғалысы» және 2 оккульт-мистикалық ұйым — Фархат Абдуллаевтың «Алля-Аят» және «Ата жолы».

Сондай-ақ, Евгений Владиславович студенттерге, өзінің туған-туыстарына, достарына және айналасындағыларға мұқият болуға кеңес берді. «Егер адам үйреншікті өмір салтын күрт өзгертсе, онда оның жаңа мүдделері, достары және діни әдебиет пайда болса, онда сіздің жақындарыңыз дәстүрлі емес діни ұйымды ұстанады» деп айтты.
Студент жастар барынша белсенділік танытып, ойларын ашық жеткізіп, пікірлерімен бөлісіп отырды. Евгений Владиславович «Əлеуметтік желіде құрылған торға түсіп қапы қалмауларында» айтып өткенді жөн санады.

 

 

Г.Мырзагалиева