Body: 

2019 жылдың13 ақпанында Астана қаласы кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдары студенттері Спартакиадасының бағдарламасына сәйкес шаңғымен жүгіруден жарыс өтті. Жарысқа он бес колледжден алпыс студент қатысты. Аталған жарыста колледж құрама командасы командалық есепте жүлделі бірінші орынға ие болды. Жекелей есепте, ұлдар: 3ЭТС-116 тобының студенті Тахтавраниди Захар 3 орын, 1С-218 тобының студенті Нүрпейсов Саұңқар 4 орын, қыздар; 3ТЭТР-116 тобының студенті Кащеева Виталина 3 орын, 1ЭМ-118 тобының студенті Кляин Нина 4 орынға ие болды. Командалық есепте І орынға көлік және коммуникация колледжі, ІІ орынға гуманитарлық колледж, ІІІ орынға политехникалық колледж командалары ие болды.
Шаңғы спортынан сәтті өнер көрсеткен колледж құрама командасын және жаттықтырушы А.Байтайляқовты жеңістерімен құттықтаймыз!

 

 

Е. Байдильдин