Body: 

2019 жылғы 16 ақпанда Астана қаласы әкімінің тапсырмасымен колледжде «Ашық есік күні» өткізілді. Осы іс-шараға қатысушы қауымды директор, директордың орынбасарлары, әлеуметтік педагог жеке мәселелері бойынша қабылдады. Онда қарастырылған мәселелер: оқудың төлем ақысы, колледжді бітіргеннен кейін жұмыспен қамту, жолақы билетіне жеңілдіктер. Жиынға қатысқан қауым өздері қызықтырған сұрақтарға толық жауап алып, алғыстарын білдірді.