Body: 



Көлік және коммуникация колледжінде 2019 жылғы 14 ақпанда құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қатысуымен 1-курс студенттеріне арналған «Өлімге шақыратын ойындардың алдын-алу» тақырыбында кездесу өтті.
Кездесуге Астана қаласының Сарыарқа аудандық полиция бөлімінің тергеу бөлімінің бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Қосмұратов Ғалымбек Насредденович және Астана қаласының Сарыарқа ауданы ювеналды полиция бөлімінің бастығы, полиция майоры Дощанова Нелля Нуруллаевна шақырылды.
Осы іс-шара 1 курс студенттерін әлеуметтік желілер мен Интернет желісіндегі қауіптермен, оларды құқық бұзушылықтың және жасөспірімдер арасындағы қылмыстардың алдын алу, олардың құқықтық білімдерінің деңгейін арттыру мақсатында ұйымдастырылды.
Кездесу колледж директоры Гаипов Зулфухар Сұлтанұлының алғы сөзімен ашылды. Ол өз сөзінде студенттерге әлеуметтік желілер арқылы адам өмірі мен денсаулығына психологиялық әсер ететін, қауіп төндіретін, ағзаға теріс әсер беретін ерекше қауіпті ойындар туралы айтты.
Студенттермен келесі тақырыптар бойынша сұхбат жүргізді: «Өлім ойындарын тоқтату», «Қылмыстар мен құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік», «Жол қозғалысы ережелерін сақтау», «Теміржол көлігіндегі қауіпсіздік шаралары». Бұдан басқа, балаларға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құқықтары мен міндеттері түсіндірілді.
Жол қозғалысы ережелерін сақтау және жарақаттанудың алдын алу шаралары туралы мәліметтер балалардың қызығушылығын тудырды, оларға азаматтық құқықтық негіздері таныстырылып, сұхбат өте қызықты өтті. Әскери киімдегі қызметкерлер студенттердің қызығушылық танытқан барлық сұрақтарына жауап берді.
Полиция қызметкерлері осы кездесуден соң жасөспірімдердің өмірлік сабақ алатынын, олар өздерінің құқықтық сауаттылығын арттырады, бұл өз кезегінде оларды ойланбай əрекет етуге, сондай-ақ қылмыстың құрбандары болуы мүмкін әрекеттерден сақтайды деп сенім білдірді.
Құқық бұзушылықтың алдын алу – жасөспірімдермен жұмыстардың басты бағыттарының бірі. Сондықтан да, құқық қорғау құрылымдары мен колледждің педагогикалық ұжымы алдындағы басты міндеттердің бірі.

 

 

Г.Мырзагалиева