Body: 

2019 жылғы 11 ақпанда «Спецэлектра» ЖШС-нің кәсіпорын базасынағы индустриалды паркінде 0902000 «Электрмен қамтамасыз ету (салалары бойынша)» мамандығы бойынша 3ЭН-116 тобының студенттеріне экскурсия өткізілді. Экскурсия мақсаты- оқу тәжірибесінің сапасын жақсарту және сабақта меңгерген білімдерін тәжірибеде қолдану.
Техникалық бөлімнің басшысы Д. Айтбаев – студенттерді кәсіпорынның ашылу тарихы және ондағы өндірілетін өнімдер, оларды тасымалдау туралы мәліметтермен таныстырды.
Осы тәжірибеде студенттер өнімнің өндірілу сызбасынан бастап, дайын өнімге айналуы, әртүрлі металл өндіру құралдарының жұмысы, өнімді дайындаудағы технологиялық жолдары мен әдістерімен танысты.
Осындай экскурсиялар арнайы пәндер бойынша теориялық білімдерін бекітуге мүмкіндік береді және өздері таңдаған мамандықтарына деген қызығушылығын арттырады.

 

 

Арнайы пәндер оқытушы С.А. Муравьева