Body: 

2019 жылдың 25 қаңтарында №2 студенттер үйінде Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылығына арналған «Әнім сен едің» атты концерттік бағдарлама өткізілді. Бұл іс-шараның негізгі мақсаты: Аса көрнекті сазгер, ән жанрының әйгілі майталманы, қазақ халқының ұлы мақтанышы, вальс королі атанған бірегей талант иесі Шәмші Қалдаяқовтың өнерін дәріптеу, студенттерге Шәмші әндерінің ғажайып саздылығын, лирикалық наздылығын жеткізу болды.
Кеш қонақтары № 2 студенттер үйінің талантты әншілері мен бишілерінің өнерлерін тамашалап, ерекше әсерлерімен бөлісті. Қазақ халқының біртуар перзенті, вальс падишасы атанған Шәмші Қалдаяқовтай ұлы дарын, өмірден өткенімен көңілден кетпеді. Оған дәлел бүгінгі қыстың көңіл құлазытар қара суығында жүректерді жылытқан Шәмші әуендері болды. Кеш соңында студенттер үйінің қонақтары колледжіміздің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мырзагалиева Г.Г. мен студенттер үйінің меңгерушісі Ә.Ә. Әбдіғалиеваеға сөз берілді. Әсерлі кеш соңы биге ұласты.


Тәрбиеші: Мұса Ж.Д