Body: 

Жаңа жыл қарсаңында «Сарыарқа» ауданының әкімі Арман Турлубек «Ең жасампаз аққала» конкурсын жариялады. Оған ауданның барлық тұрғындары қатысты.
Колледжіміздің 1107000 «Көтергіш көлік, құрылыс, жол машиналары мен жабдықтарын теміржол көлігінде техникалық пайдалану» мамандығының 4 курс студенті Каратай Санжар - осы конкурсқа қатысуға шешім қабылдап, бәсекелестерін басып озды.
Санжар 5 күн бойы «Қар армиясын» ойлап тауып, оны қардан жасап шықты. «Қар армиясы» идеясы Санжарды жеңімпаз атандырды. Ол бас жүлдені иеленіп, бас демеушіден 100 000 теңгені ұтып алды.
Қаратай Санжар оқу кезінде өзін тек жақсы жағынан өзін көрсетті. Ол өте білімді, үздік дипломның үміткері. Қалалық және республикалық, ғылыми-тәжірибелік конференцияларға қатысып, жеңімпаз атанған.
Соңғы екі жыл ішінде Санжар «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты ақындар сайысында жүлделі орынға ие болды. «Екі жұлдыз» және «Мамандығым мақтанышым», «Жігіт Сұлтаны» конкурстарында бас жүлделерді жеңіп алды.
Колледжіміздің мерекелік концерттері, сондай-ақ әлеуметтік серіктестердің сахналарынды ән айтып, өнер көрсетеді. Сонымен қатар, спорттың бір түрі- күреспен де айналысады. Жан-жақты дарын иесі Санжарға сәттілік тілейміз!