Body: 


2017 - 2018 жылдардағы түлектерді жұмысқа орналастыру мәселесін шешудегі өзара ынтымақтастық және серіктестік аясында және 2018 - 2019 жылдары колледждің барлық мамандықтары бойынша 2018 жылдың 28 қыркүйегінде Астана қ. «Халықты жұмыспен қамту орталығы» КМҰ директорының орынбасары Д.Н.Нұрпейісовпен кездесу өтті. Кездесу ақпараттық және түсіндірме сипатта болды.



Өз сөзінде Данияр Нұрмағанбетұлы мемлекет жас мамандарды әлеуметтік қолдау мақсатында алынған мамандықтар бойынша жұмысқа орналасуға жәрдемдесу үшін бірқатар шаралар қарастырылғанын айтты.Атап айтқанда, «Жастар тәжірибесі» бағдарламаларын іске асыру мамандарды даярлау және қайта даярлаудың ең тиімді әдісі болып табылады. Тәжірибе көрсеткендей, жұмыс берушілер соңғы кезде түлектерді тәжірибесі мен мамандығы бойынша тиісті тәжірибесінің болуын талап етеді, бұл күндізгі оқыту тұрғысынан қиын болып тұр, себебі осындай «Жастар тәжірибесі» сияқты бағдарламалар бастапқы кәсіби тәжірибесі бар түлектерді дайындауға арналған және ол 6 айға созылады. Тәжірибеден сәтті өткен жас мамандарды жұмыс берушілер тұрақты жұмысқа қабылдайды. Мұндай әлеуметтік қолдау жұмыс беруші үшін де тиімді. Қызметкерлерге еңбекақы мемлекет есебінен төленеді.


Бұл іс-шара колледж түлектеріне жұмыс берушілермен дөңгелек үстелдер, семинарлар, мастер-класстар түрінде кездесуге мүмкіндік береді. Бос орындар болған кезде, алынған біліктілікке сәйкес жұмысқа орналасады. Түлектердің еңбек нарығында талап етілетін мамандықтарға назарын аудару, жұмысқа орналасқан түлектердің санын көбейту және жастар арасында жұмысшы мамандықтарын кеңейту.


Колледж бітірушілері осы іс-шараға қызығушылық танытты.

Кәсіптік бағдар беру және жумыспен
қамту болімінің меңгерушісі
Молдаш А.C.