Body: 


Колледж кітапханасының оқу залында кітапхана меңгерушісі Г.Жунусованың және кітапханашы М.Омарованың ұйымдастыруымен Оралхан Бөкейдің туғанына 75 жыл толуына орай, бірінші курс студенттерінің қатысуымен үстіміздегі жылдың 28 қыркүйегінде портрет кеші өтті.


Мұзтаудың мұзбалағы «Үлкен әдебиетке бар даусымен айқайлап «Адам» деп келіп, ізгілік, адалдық, сұлулық пен тереңдікті нысана етіп, зеңгір өнер аспанында қалықтаған өр Алтай ақиығы Оралхан Бөкейдің шығармашылығына арналған іс шара барысында кітапханашы Мәншүк Омарова жазушының шығармашылығы туралы айтып, Оралхан шығармалары ағылшын, неміс, балгар жән тағыда басқа ТМД елдерінің тілдеріне аударылғанын атап. О. Бөкейдің шығармалары: «Кісікиік», «Сайтан көпір» бойынша көркем фильмдер түсіріліп, «Кербұғы» әңгімесі бойынша балет-спектакль қойылғаны туралы мәлімет берді. «Қайдасың, қасқа құлыным», «Тортай мінген ақ боз ат» атты әңгімесі, «Бәрі де майдан», «Өз отыңды өшірме» шығармаларының қысқаша мазұмындары баяндалды, жазушының күнделігінен үзінділер келтіріліп, Оралхан туралы жазылған пікірлер оқылды.


Сонымен қоса шара барысында жазушының өмірі туралы слайд, жазушының кітаптарына арналған вертуалды кітап көрмесі көрсетілді.

Жунусова Г.Б.