Body: 


Астана қаласы Көлік және коммуникация колледжінде Қазақстан халықтары тілдері мерекесі аясында 17-22 қыркүйек аралығында «Қазақ тілі және әдебиеті», «Орыс және ағылшын тілдері» кафедраларының «Мәңгілік ел - мәңгілік тіл» тақырыбында дәстүрлі шығармашылық апталығы өтті. Апталық студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыту, дербестіктерін қалыптастыру, тілдерге деген қызығушылықтарын арттыру, ой-өрістерін кеңейту, ынталандыру, сөз бен әдебиетке деген сүйіспеншіліктерін тәрбиелеу мақсатында өткізілді. Апталыққа колледж оқытушылары мен студенттері белсенді қатысты. Атап айтсақ, кафедра оқытушылары С.А.Алимова, М.Т.Рахымова,


А.Е.Дюсекова, А.К.Орынбаева қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен, В.Д.Хайрулина, Қ.С.Жәдігерова кәсіптік орыс тілі, кәсіптік ағылшын тілдері пәндерінен, Б.Б.Сергазинова ағылшын тілі пәнінен ашық сабақтар өткізді.


Ашық сабақтарға қатысқан колледж оқытушылары сабақтарға оң баға беріп, әдістемелік құнды тұстарын айтты. Сонымен қатар, Ж.Ж.Альжапарова, Н.З.Негметжанова 2 курс студенттерімен В.Высоцкийдің шығармашылығына арналған «Ол табиғатынан ақын еді...» тақырыбында әдеби музыкалық кеш, кафедра оқытушылары А.А.Калиакпарова, Г.К.Корганбаева 1-2 курс студенттерімен «What do you know about English speaking countries» тақырыбында сыныптан тыс іс шара өткізсе, Г.Т.Базилбаева, Л.Қ.Нығыметова, А.Қ.Орынбаева, Қ.С.Жәдігерова Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 27 жылдығына арналған «Қазақстан – бейбітшілік пен ынтымақтастық елі» колледжішілік ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырды. Конференцияға «Қазақ тілі және әдебиеті», «Орыс және ағылшын тілдері» кафедраларының оқытушылары да белсене қатысып, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде баяндамалар оқылды. Осылайша, колледж оқытушылары үш тұғырлы тіл саясатын кеңінен насихаттай білді.


Апталықтың соңында аталған кафедралардың оқытушылары А.Қ.Орынбаева, Л.Қ.Нығыметова, М.Т.Мынбаева, Ш.Е.Байболованың ұйымдастыруымен 1-2 курс студенттері арасында Қазақстан халықтары тілдері Күні мерекесіне орай «Мәңгілік ел – мәңгілік тіл» тақырыбында концерттік бағдарлама өтті.


Ерекшелігі, концерт үш тілде – қазақ, орыс және ағылшын тілінде жүргізілді. Мерекелік концертте «Қазақстан – бейбітшілік пен ынтымақтастық елі» колледжішілік ғылыми-тәжірибелік конференцияда орын алған студенттер және олардың жетекшілері мақтау қағаздарымен және дипломдармен марапатталды.


Дәстүрлі шығармашылық Тілдер апталығында өткен барлық іс-шаралар жоғары деңгейде ұйымдастырылды дей отырып, ол студенттердің әдебиетке, қазақ, орыс ағылшын тілдеріне, тарих пен қоғамтануға деген қызығушылықтарын арттырып, білімдерін кеңейтуге және тереңдетуге арналған қосымша құрал деп үміттенеміз.

Г.Базилбаева