Body: 

2018 жылдың 20 қыркүйегінде колледжде «Жасөспірімдер қылмысы мен суицидтің алдын алуды жаңғырту» жобасы аясында 1,2,3, курс студенттері арасында көшбасшы сайлауы жүргізілді. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Т.Далабаева жобаның мақсаты-студенттердің өмір сапасын арттыру, шығармашылық әлеуетін ашу екенін түсіндіріп өтті. Көшбасшылыққа әр топтың белсенді студенттері үміткер болды: Қасымбек Алмасбек, Шыназбек Ораз, Тураханов Нұрсұлтан, Исаева Диляра, Қайрат Диниес, Данияр Рахат т.б. Нәтижесінде 2Д-116 тобының студенті Тураханов Нұрсұлтан өз қатарластарынан көш бойы озық шығып, жоғары ұпай жинап, колледж көшбасшысы аталды. Нұрсұлтан "Колледж студенттерінің өзекті мәселелері" жобасы бойынша өз бағдарламасын ұсынды.


Э. Бегалиева