Body: 

2018 жылдың 7 қыркүйегінде колледжімізде Астана жол жөндеу дистанциясы ПЧ-17 мекемесінің еңбекті қорғау бас маманы А.Н.Батышев пен ЕҚ және ТҚ инженері И.А.Оспанов «Темір жол – аса қауіпті аймақ» тақырыбында профилактикалық дәріс жүргізді. Іс-шараның басты мақсаты - 1 курс барлық мамандықтар бойынша студенттерді теміржол көлігіне қарасты нысандарда қауіпсіздік ережелерімен таныстыру және қатаң ескеру.

Кездесу барысында ұйымдастырушылар темір жолда орын алған жазатайым оқиғалардың тіркелгені бойынша нақты фактілерді айтты. Баяндау барысында темір жол көлігінде және де темір жолда травматизмдік жағдайлардың алдын алу жайлы бейнематериалдар көрсетіп, абай болуға шақырды.

Сонымен қатар, аса қауіпті аймақта жүрген кәмелетке толмаған жасөспірімдерге қатысты әкімшілік заңнаманың тараулары түсіндіріліп, жауапкершілігі жайлы айтылды.